Ресейде ұшақ әуежайға қонған кезде өртенді

21.06.2021 16:33

Өрт ұшақтың тежегіш жүйесінің қызып кетуі және тежегіш жастықшалардың кептелуі салдарынан болған

РБК

Boeing-767 ұшағы Уфа әуежайына қонған кезде шасси тіреуі өртенді. Бұл туралы аймақтың Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.

Апаттық қону қауіпсіз өтті, өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай кезінде бортта 334 адам, оның ішінде 71 бала және 10 экипаж мүшесі болған.

Өрт ұшақтың тежегіш жүйесінің қызып кетуі және тежегіш жастықшалардың кептелуі салдарынан болған.