Алматы облысында мектеп оқушысын жүк көлігі басып кетті

09.10.2021 16:34

Сотқа дейінгі сараптама тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында 8 жасар оқушы иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Оны жүк көлігі басып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болғанын мәлімдеді. 

«Isuzu» жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі сараптама тағайындалды», деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.