Асыққан жүргізуші әйелді 1 жасар қызымен қағып кетті

06.03.2020 04:13

Оқиға орнын тексерген мамандар жолдың ашық болғанын, көлікте ешқандай ақау шықпағанын анықтады

gubdaily.ru

Жамбыл облысында жеңіл көлік арбада отырған сәбиімен қоса анасын қағып кетті. 28 жастағы БМВ автокөлігің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Салдарынан жол шетіндегі 44 жастағы келіншек оқиға орында тіл тартпай кетті. Ал, бір жасар қыз бала алған ауыр жарақатынан, аудандық ауруханада көз жұмды. Жүргізушінің сөзінше, оқыс оқиға түңгі сағат 12 лер шамасында орын алған. Қонақтан шыққан ерлі зайыпты, жол үстінде жанжалдасқан. Ашуланған жүргізуші жылдамдықты асырған көрінеді. Алдындағы көліктен озып өтемін деп көлікті игере алмай қалған. Сот медициналық сараптамасынан, жүргізушінің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Айта кетерлігі, қайтыс болған ананың артында бір ұлы мен қызы қалды.

«Аталған дерек бойынша Байзақ полиция бөлімінің қылмыстық кодекснің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергау амалдары басталды. Күдікті қазіргі таңда өз кінәсін толық мойындап Тараз қалалық уақытша ұстау изальяторына қамалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі іс бойынша басқада тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» - деді Байзақ аудандық Полиция бөлімінің басшысы Асылхан ЗАУЫРБЕКОВ.