Балқаш гарнизонында офицер жарақат алды

02.06.2022 16:49

Күдікті ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Балқаштағы әскери бөлімде офицердің жарақат алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі Балқашта офицердің оқ жарақатын алуына байланысты тергеудің қорытындысын жариялады. Бұл іс бойынша осыған дейін қылмыстық іс қозғалып, ҚР ІІМ Орталық өңірлік Қарулы Күштері Қарағанды департаментінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылған болатын.

Ведомство мәліметінше, күдікті 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы изоляторға қамалған. Ол -  жәбірленушінің әріптесі. Қазір офицерге ота жасалды, жағдайы ауыр.

Еске салайық, 30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланғанын хабарлаған болатынбыз.