Ер адамның карантин режимін бұзып, серуендеуге шыққаны айтылады
Әскерилермен кикілжің шығарған қарағандылықтың видеосы пайда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жағдай Қарағанды қаласы 14 шағын аудандағы аллея аумағында орын алған. Тәртіп сақшылардың сөзінше, ұсталған 26-жасар азамат әскери бөлімнің жаяу жасағының саябақтарда серуендеуге болмайды деген ескертуін елемеген. Керісінше, қарсылық танытып, әскерилердің абыройы мен намысына тіл тигізді. Былапыт сөздер айтып, кикілжің шығарды. Қарағанды қаласы полиция басқармасы Октябрь бөлімімен қылмыстық кодекстің 293-бабы, яғни ,бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.