Өскеменде полиция қарт әйелді жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті (видео)

06.02.2019 16:35

Оқиға Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында болды, деп хабарлайды sn.kz.

Қарт әйел жаяу жүргіншілер жолағынан өтемін деп Глубоковск аудандық полиция бөлімі қызметкерінің көлігінің астынан бір-ақ шықты. Түрлі жарақат алған тұрғын жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол апатының салдары анықталып жатыр.