Жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған
25 қазанда Жезқазған-Есіл-Петропавл тасжолында Сәтбаев қаласынан Жезқазғанға шыға берісте Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қала атауы жазылған бағанға соғылып, өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі POLICE_of_KZ-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жол апатынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған.
"Сәтбаев қаласынан Жезқазған қаласына шыға берісте, 58 жастағы Меrcedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
Ұлытау облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.