Аязда қалған тастанды сәби: Қарағанды полициясы безбүйрек ананы іздейді

25.02.2024 16:36

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сгенерировано ИИ

Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде  нәресте жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында үй өртеніп, төрт бала қаза тапты