Оқиға Рысқұлов пен Жансүгіров көшесіндегі көпірдің дәл үстінде орын алған
Алматыда ірі жол апатынан бір адам қаза тапты, ал төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға Рысқұлов пен Жансүгіров көшесіндегі көпірдің дәл үстінде орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соғысып қалған Toyota camry мен Газель көлігінің артынан қатты жылдамдықта келген КАМАЗдың тоқтай алмай ұрғаны басқа көліктің бейнетіркеу камерасына түсіп қалған.
Соның салдарынан жапон көлігі 50 метр жерге сырғанап кетті. Апаттан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Ал, зардап шеккен 4 адамның ішінде бір жастағы сәби де бар.
Қазіргі таңда мән-жайдың себебін полиция тергеп жатыр.