Қытайдың солтүстік-батысында 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жексенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Дэлинха қаласының жанында 5,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясы Дэлинха қаласының жанындағы Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық ауданында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 8 км тереңдікте жатыр. Дэлинха қаласында 90 мыңға жуық адам тұрады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. 

Цинхай провинциясы - Цинхай-Тибет тауларының солтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен жоғары биіктікте орналасқан, сейсмикалық қауіпті аймақ. Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні түстен кейін Бейжіңде 2,0 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері мегаполистің солтүстік-батысындағы Чанпин ауданында тіркелді. Ошағы 15 км тереңдікте орналасқан. Қытай астанасының осы аймағында 2,26 миллионнан астам тұрғын тұрады.

Новости партнеров