Ақмола облысында жұмысшыны ток соқты

12.10.2023 16:37

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

freepik.com

Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған қызметкер 1967 жылы туған жергілікті тұрғын абайсызда жоғары кернеуге ұшырағанын анықтады. Экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, ер адам 6 мың вольтты электр тогымен зақымданды», - деп жазылған хабарламада.  

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша «Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайы белгіленуде.