Алматыда психологты ұрған азамат ұсталды

02.08.2019 16:37

Күдікті 1991 жылы туған азамат болып шықты

Sputnik Казахстан

Алматылық әйгілі психолог Светлана Божкоға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыдағы ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі «Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бойынша қайта жіктелді.

«Күдікті 1991 жылы туған азамат болып шықты. Ол шабуылдан кейін бірнеше сағат өткен соң қамауға алынды.

Азаматша Донченко (Божко) Светлана оның қылмыскер екенін бірден таныған. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның толықтығы, объективтілігі және жан-жақтылығы қамтамасыз етілді.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті жақын арада сотқа бекітуге ұсынылады», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Аталған қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалған.