Ақтаулық қыздың ішінен шаш пен ине шықты

17.01.2020 16:39

Науқас балалар ауруханасына іші ауырып, ауыр халде түскен

© facebook.com/azamat.sarsenbaev

Маңғыстау облысында дәрігерлер 14 жастағы мүгедек қыздың ішегінен шаш пен ине алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«15 қаңтарда кешке дәрігер Насуқан Отарғазиев Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында шұғыл түрде күрделі ота жасап, 14 жастағы мүгедек қыздың өмірін құтқарып қалды. Науқас балалар ауруханасына іші ауырып, ауыр халде түскен. Құрсақ қуысы ағзаларының рентгенін түсіргеннен кейін дәрігер денеден бөгде заттар тапқан», - деп жазды Facebook қолданушысы Азамат Сәрсенбаев. Отарғазиевтің жедел отаға араласуының арқасында қыздың ішегінен шаш пен ине алынды.

«Операциядан кейін асқынулар болған жоқ. Дәрігердің айтуынша, бала қанағаттанарлық жағдайда», - деп қосты Сәрсенбаев.


Теги: Актау шаш