Әйелінің денесін жертөледе сақтаған азамат ұсталды

15.07.2019 16:40

Отбасылық жанжал кезінде ол әйелін пышақтап өлтірген

Талдықорғандық полиция бөлімі 42 жастағы әйелді өлтіру дерегін анықтаған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Алматы облысының ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 шілдеде жалға алынған пәтерлердің бірінде болған. Онда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін екі рет пышақтаған.

«Қылмысын жасыру үшін азамат әйелінің денесін үйдің жертөлесіне жасырған. Оған досы көмектескен. Бүгінде екеуі де ұсталды. Әйелдің  денесі табылды. Өлтіру фактісі бойынша тергеу басталды», – деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД-нің баспасөз қызметі.

Министрліктің айтуынша, қылмыс құралы «асхана пышағы» болған. Пышақ айғақты дәлел ретінде ескерілетін болады.