Өскеменде 16 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

20.10.2019 17:36

Қайғылы оқиға 18 қазанда қаланың Стрелка ауданында болған

inform.kz

Өскеменде 16 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қайғылы оқиға 18 қазанда қаланың Стрелка ауданында болды. Жасөспірімнің қаза болу фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қазіргі болжам бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу шаралары жалғасуда, сараптама тағайындалды», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.