ШҚО тұрғынының көлігі мен малы өртеніп кетті

03.11.2021 16:40

Адам шығыны жоқ

Риддерде жер үйдің ауласында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өрт қора-қопсы жақтан шыққан. Адам шығыны жоқ. Бірақ өрт кезінде үй иесінің 25 тауығы, 2 сиыры өлді. Сондай-ақ аулада тұрған УАЗ маркалы көлікке де өрт тиді»,– деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Теги: ШҚО