Зардап шеккендер жоқ
Ақтөбе облысындағы екі ауданда орман мен далалық жер өртке оранды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 15 қыркүйекте 15 сағат 39 минутта өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Қобда ауданы, Суғала ауылдық округі Көк үй ауылы ауданында дала алқабында 40 Га құрғақ шөп және «Қобда орман шарушалығына» тиесілі 10 Га орман екпелері өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнында бірнеше қызметкерлер мен техникалар жұмыс жасап, өртті сөндірді.
"Далалық өртті сөндіруге ТЖД (50 қызметкер, 7 бірлік техника), Қобда орман шаруашылығы (13 адам, 4 техника), ЕӨCҚ (35 адам, 4 бірлік техника) жұмылдырылды. Өрт 21 сағат 06 минутта сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 10 га, дала алқабы 40 га", – делінген хабарламада.
Бұдан кейін 15 қыркүйек 18 сағат 15 минутта Мәртөк ауданы, Родниковка ауылдық округі дала алқабында ашық алаңда құрғақ шөп өртенуі бойынша ақпарат келіп түскен. Өрт аумағы 20 га. Өрт 01 сағат 55 минутт шектеліп, 02 сағат 30 сөндірілді. Жалпы аумағы 110 га-ны құрады.
Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру қызметінен 56 адам және 8 техника, ЕӨСҚ 22 адам 7 техника, Орман шаруашылығы 2 адам, 2 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.