Алматы облысында шіркеу дүкенін тонаған ер адам ұсталды

27.03.2019 16:41

Ұры жалпы мөлшерде 200 мың теңге шығын келтірген

Алматы облысында шіркеу дүкеніне қарулы шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды облытық ПД баспасөз қызметі.

«Шабуылдаған ер адамның жеке басын анықтау үшін үлкен жұмыс жүргізілді. Қылмыскер шіркеуге автокөлікпен келген, кейінірек оның маркасы мен жүргізушісін анықтау мүмкін болды. Кешенді шаралар барысында аудандық полиция қызметкерлері шіркеу дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады», - делінген хабарламада.

Қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ұры жалпы мөлшерде 200 мың теңге шығын келтірген.

Айта кетейік, 21 наурызда Іле ауданы Боралдай ауылындағы шіркеу аумағындағы дүкенге пышақпен қаруланған белгісіз ер адам баса-көктеп кіріп, сатушыларды пышақпен қорқытып, әшекей бұйымдар мен ақша алып кеткен.