Атырау облысында желден мектептің шатыры ұшып кетті

07.04.2021 16:41

Мектеп 1984 жылы салынған

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында қатты жел салдарынан орта мектептің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан белгілі болған төтенше оқиға 6 сәуір күні Құрманғазы ауданының Сүйіндік елді мекенінде орын алған. 

Аймақтық ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, бұл мектеп оқушылары мен мұғалімдердің үйге тараған кезінде болды. Қазіргі кезде төтенше оқиғадан болған шығын көлемі анықталуда. Мектеп 1984 жылы салынған. Бірер күн бұрын Атырау облысының ТЖД аймақ тұрғындарын қатты жел мен шаңды дауыл туралы ескерткен еді.