Басы жұлынып кеткен: Алматы облысында көлік жүргізушісі ұйықтап кетіп, жол шетіндегі адамды қағып өлтірді (ФОТО)
Қайғылы жағдай марқұмның әйелінің көз алдында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында ер адам көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлімет бойынша, Алматы облысына қарасты Есік қаласына кіре берісте жол шетінде ер адам көлік тоқтатып тұрған.
Mitsubishi RVR автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол өзі түні бойғы мектептегі күзетшілік қызметінен шығып, үйіне қайтып келе жатқан екен. Сондықтан көлікті айдап бара жатып, бір сәтке қалғып кеткен.
Соққының қатты болғаны сонша, ер адамның басы жұлынып кеткен.
Қайғылы жағдай марқұмның әйелінің көз алдында болған.
Ал жүргізуші жігіттің сегіз баласы бар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51