Қайғылы жағдай марқұмның әйелінің көз алдында болған
Алматы облысында ер адам көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлімет бойынша, Алматы облысына қарасты Есік қаласына кіре берісте жол шетінде ер адам көлік тоқтатып тұрған.
Mitsubishi RVR автокөлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол өзі түні бойғы мектептегі күзетшілік қызметінен шығып, үйіне қайтып келе жатқан екен. Сондықтан көлікті айдап бара жатып, бір сәтке қалғып кеткен.
Соққының қатты болғаны сонша, ер адамның басы жұлынып кеткен.
Қайғылы жағдай марқұмның әйелінің көз алдында болған.
Ал жүргізуші жігіттің сегіз баласы бар.