Көлік апатынан екі адам жанып кетті

25.10.2021 18:58

Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан

Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv

Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 8.00 шамасында Орал-Атырау тасжолында болған.

Полицияның мәліметінше, Lada Vesta және Lada Priora көліктері соқтығысып, артынша өртене бастаған. Бірінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болса, қарсы бағыттағы темір тұлпардың 2 жолаушысы жергілікті ауруханаға жеткізілді.  

«Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Lada Priora автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан жүргізуші мен жолаушының денесі шығарылды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-ші бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.