Мегаполисте автобустың қатысуымен жол апаты болып, бір адам қаза тапты (видео)

28.01.2024 16:42

Оқиға бойынша тиісті сараптама тағайындалды

polisia.kz

27 қаңтарда Алматыда жолаушылар көлігі мен маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Жол апатына қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты кеше, сағат 09.00-де Алатау ауданында болған. 

- 2003 жылы туған Chevrolet көлігінің жүргізушісі Емцов көшесімен солтүстік бағытта, Рысқұлов даңғылының солтүстігінде келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан, - деді Салтанат Әзірбек. 

Апат салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустағы төрт жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Факт тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты