Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті

03.05.2022 16:42

Оқыс оқиға 2 мамыр сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған

Фото: ашық дереккөзден

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 2 мамыр сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.

"2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызыл", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар көп жағдайда балалар ата-анасы қараусыз қалдырған кезде құлайтынын ескертті.