"АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшы қаза тапты

08.12.2022 16:43

Оқиғаның себептері анықталып жатыр

ашық дереккөзден

"АрселорМиттал Теміртауда" тағы бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда компанияның металлургиялық зауыты өндірісінде болған.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Кейін 6 қарашада кеніште тағы жұмысшының денесі табылғаны хабарланды.