Аталған факті бойынша ҚР ҚК "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақтауда әлеуметтік желіде өзін жарнамалау мақсатында интимдік суреттерін жариялаған Тараз тұрғыны құрықталды. Бұл жайында Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды kaz.nur.kz
"Контрафакт" жедел-профилактикалық шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық материал тарату фактісін анықтады.
"Өзін жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіге интимдік суреттерін жүктеген Тараз тұрғыны анықталып, тұтқындалды. Кейіннен азаматшаның табыс табу үшін интимдік қызмет көрсеткені белгілі болды",- деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды.
"Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, бұл бапта екі мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе дәл сол мөлшердегі түзету жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тарту, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыға арнайы келген Денсаулық сақтау министрін жасөспірімдердің жыныстық қатынас туралы қойған сұрағы әбден састырды.