Өскемен тұрғынының көлігі Ертіс өзеніне ағып кетті

04.01.2024 13:43

Сүңгуірлер көліктің ішін қарап шықты, онда адам болған жоқ

кадр из видео vk.com/video-33917063_456241651

Өскемен қаласы тұрғынының тұраққа дұрыс қоймаған көлігі Ертіс өзеніне сырғып, ағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Самал саябағында жүрген адамдар Ертіс өзенінде ағып бара жатқан автокөлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан.

«Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 100 метрдей жерде ағып бара жатқан Subaru Impreza маркалы көлікті байқады. Сүңгуірлер көліктің ішін қарап шықты, онда адам болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Кейіннен белгілі болғандай, қала тұрғыны көлігін тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Соның салдарынан көлік Ертіске қарай сырғып кеткен.