Шатыр жасап беремін: Қызылорда тұрғыны ақшасынан айырылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінде күдікті азаматтың басқа да оқиғаға қатыстысы бар-жоғы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордалық тұрғын алаяққа алданып, миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

39 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” нөміріне хабарласқан.

Ол өз арызында белгісіз біреу шатыр жасап беремін деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не шатыр жасап бермей жүргенін көрсеткен.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті.

Нәтижесінде осы жайтқа қатысты жергілікті тұрғын ұсталды. Бүгінде күдікті азаматтың басқа да оқиғаға қатыстысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Новости партнеров