LADA Granta жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылған
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылында Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Куәгерлердің айтуынша, LADA Granta жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылып, қоршауға қарай ұшып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы жедел жәрдем келгенше оқиға орынында жан тапсырған. Белгілі болғандай ресейлік көліктің алдыңғы номері болмай шықты. Оқиғаның себеп-салдарын қалалық полиция департаменті анықтап жатыр.