Талдықорғанда бір үйде үш адам ыстан уланып көз жұмды

15.02.2019 17:45

Қайтыс болғандардың бірі 4 жастағы бала

Baq.kz

Талдықорғанда бір үйден үш адам ыстан уланып көз жұмды. Қайтыс болғандардың бірі 4 жастағы бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға бүгін түнде болған. Қайтыс болған үш адамның бірі 2015 жылғы бала және баланың 1947 жылғы әжесі. 1966 жылғы азамат та мерт болды. Марқұм ажал құшқан әйел адамның күйеу баласы болып келеді. Ақау пештен шыққан», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен Ведомствоның мәліметінше,

2 ақпанда бұл үйге төтенше жағдай қызметкерлері барып ескертпе парақшасын беріп кеткен. Айта кетерлігі, баспана жалға берілген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Талдықорғанда тағы үш адамның ыстан уланып қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Ол кезде екі кішкентай баласымен әкесі ажал құшты.