Қазір "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақтауда көшенің қақ ортасынан ер адамның денесі табылды. Осыған байланысты, қазір "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Маңғыстау Полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ сайты Lada.kz сілтеме жасап.
Мәйітті 7 қазан күні түнгі сағат 3 шамасында тәртіп сақшылары тапты.
"Біздің қызметкерлер "Три короны" тұрғын үй кешені маңынан белгісіз азаматтың денесін тапты. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлімі бойынша қозғалды. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Маңғыстау Полициясы департаменті.