Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

25.10.2019 18:48

Куәгерлер жарылысты естігенін хабарлап жатыр

Алматыда көпқабатты үйдің төбесінен өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Шевченко мен Мұқанов көшелерінің қиылысында болған. Оқиғаның видеосы Желіде тарап жатыр. Оның кадрларынан қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Куәгерлер жарылысты естігенін хабарлап жатыр. Олардың айтуынша, жалын 9-қабаттан жоғары көтерілген.  

Қалалық ТЖД өкілдерінің алдын ала мәліметінше, Шевченко мен Мұқанов қиылысында салынып жатқан үйдің төбесінен өрт шыққан. Оқиға орнына департамент қызметкерлері аттанды.


Теги: пожар