Атырауда қызға қарақшылық шабуыл жасағандар күтпеген жағдайға тап болды

05.02.2020 16:46

Қарақшылар үйде ешкім жоқ деп ойлаған, бірақ пәтерден ер азамат атылып шығып, шабуылдаушылармен арпалыса кетті

Әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатқан видео кадрларда қыз есік ашып жатқанда артынан белгісіз бір ер адам аңдып тұрып, үйіне баса көктеп кірмек болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оған тойтарыс беріп жатқанда екінші сыбайлас, қызға жабылып кеткен. Қарақшылар үйде ешкім жоқ деп ойласа керек. Бірақ, кенет пәтер ішінен атып шыққан ер азамат, шабуылдаушылармен арпалыса кетті. Бұл оқиға 3 ақпан күні кешке  Атыраудағы «Нұрсая» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ал өңірлік полиция департаментінің өкілдері осы оқиға бойынша кейінірек мәлімет беруге уәде берді.