Бұл туралы Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері карантиндік шараларды қамтамасыз етуге қатысады. Ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасына сәйкес Қазақстан армиясы аталмыш шараға жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аса маңызды мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті күшейтілді. Әскери қызметшілер Ұлттық гвардия және полиция бөлімшелерімен бірігіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірге жұмыс істейді. Карантинді аймақ бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы байланыс және қиылысу пунктерінде десанттық шабуылдау әскерлері мен бітімгершілік полкі тәулік бойы қызмет етеді. Айта кетейік, мерзімді әскери қызметке шақырылғандар карантинде болғандықтан, арнайы тапсырмаларды орындауға қатыспайды. Оларға сейілдемеге шығуға, азаматтармен, оның ішінде туыстары және достарымен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылады.