Полиция тексеріс жүргізіп жатыр
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«25 маусым күні сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты. Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ІІМ-нен.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.