Шығыс Қазақстанда тоғанда балық жаппай қырылды

11.04.2022 16:47

Тоғанның аумағы 1,8 гектар

ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы тоғанда балық қырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сүйенсек, Ушанов ауылында орналасқан тоғанда балық жаппай қырылған. 

«Тоғанның аумағы 1,8 гектар. Оқиға орнына бірден инспекция мамандары барып, мониторинг жүргізді. 40 келі өлі мөңке балық жиналды. Сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін балық пен судан сынама алынған», - делінген ақпаратта. 

Мамандар оттегі мен температура көрсеткіштеріне өлшем жасады. Жиналған балық санитарлық нормаларға сәйкес кәдеге жаратылған.