Болгарияда автобус өртеніп, 45 адам қаза тапты

23.11.2021 в 17:00

Оның ішінде 12-сі бала

Болгарияда автобус апатқа ұшырап 45 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07.00) София-Благоевград тасжолының 31-ші шақырымында болды. Жол апаты салдарынан 52 адам отырған автобус өртеніп кеткен.

Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар. Жеті адам, оның ішінде екі әйел мен бес ер адам аман қалды.

Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің бастығының айтуынша, өрт келеңсіз соқиға салдарынан болған. Аман қалғандардың бәрі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, тамыз айында Нигерияда автобустың соқтығысуы салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан болатын.