Қарағанды облысында малдан "құтырма"ауруы шықты

14.12.2023 16:48

Жарлы ауылында шектеу шарасы енгізілді

Сурет:

Қарағанды облысы Жарлы ауылында тағы да шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Себебі ірі қара арасында "құтырма" анықталған. Болжам бойынша індет жабайы аңнан жұққан. Қазір ауылда осы індеттен өлген екі сиыр жойылды.

Иесіне нарықтық баға бойынша өтемақы төленеді. 

Сонымен қатар ауылда мал еті мен өзге де өнімін сатуға тыйым салынды. Кіріп-шыққан көліктер тексеруден өтуде.

Қазір ауылда эпизотияға қарсы жасақ зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:  Ақтөбеде арзан бағада шырша алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды