Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Адам өмірін жалмаған апат облыс орталығына іргелес жатқан ықшамауданның маңында болған.
Қатты жүйткіген қос көлік бір-бірімен қақтығысып, салдарынан жүргізушімен қоса, жолаушылар да жол үстінде тіл тарпай кетіпті. Құзырлы органның алдын ала анықтауы бойынша, темір тұлпар тізгіндеген жүргізушінің бірі жылдамдықты шамадан тыс асырған көрінеді.
– Алдын ала болжам бойынша Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда 2 жастағы бала дәретхана ішіне түсіп кетті — видео