Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шаһар басшысы қос альпинисті Хантәңірі тауынан іздестіруге тікұшақ жіберілгенін жеткізген. Бірақ қазір онда қар борап жатқандықтан, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Сондықтан жоғалғандарды шатқал арасынан жаяу жүріп іздейтін 3 адамнан құралған құтқарушы топ аттаныпты.
«Таң ата жайсыз хабар жетті. Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің байланыста жұмыс істегені жөн. Құқық қорғау органдары іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. Хан тәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдардың үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Айта кету керек, алматылық алпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Іле-Алатауындағы Жеңіс шыңын бағындыруға кеткен болатын. Алайда олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай, байланыссыз қалған көрінеді. Сол жерде суықтап, сырқаттанған Александр Чечулин жан тапсырған. Ал аман қалған қос альпинисті іздестіруге қырғыздың Төтенше жағдайлар Министрлігі де атсалысуда.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)18 Авг 2019 в 9:08 PDT