Алматы облысында 81 жастағы қарияны басып өлтіріп, қашып кеткен

22.10.2019 17:18

Жүргізуші көлікті үйіне жасырып, Алматыда тығылып жүрген жерінен ұсталды

mvdlnr.ru

Талдықорғанда адам өлімімен аяталған жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды. Оқиға 21 қазанда орын алған. Жүргізуші Қаратал өзінінің көпірінде кетіп бара жатқан велосипедшіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккен 81 жастағы қария оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жол көлік оқиғасы болған жерді тексерген сот-медициналық мамандары көліктің маркасы мен түсін анықтайды. Осылайша шұғыл іздестіру шаралары барысында «Мерседес» темір тұлпарының иесі анықталды. Ол көлікті үйіне жасырып, Алматыда тығылып жүрген жерінен ұсталды. Жүргізуші өз кінәсін мойындап, мас болғандықтан оқиға орнынан қашып кеткендігін айтты. Адам өліміне әкеп соққан жол ережелерін бұзу және  оқиға болған жерді тастап кету баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.