ШҚО-да трактор мұз астына құлап кетті

12.01.2023 16:48

Оқиға 11 қаңтар күні Күршім ауданындағы Қызыл ту мұз өткелінде болған

twitter.com/SmolNarod

Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл ту өткелінде трактор мұз астына құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 11 қаңтар күні Күршім ауданындағы Қызыл ту мұз өткелінде болған.

Трактор мұз астына құлағанда жүргізуші есіктен сыртқа шығып үлгерді.

«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметіне сүйенсек, сол уақытта мұз өткелінде бірнеше көлік кептеліп қалған.


«Жүргізушілер бізге телефон соғып, көмек сұрады. Трактор оларға көмектесу үшін жолды тазалауға шыққан. Алайда кенеттен осындай жағдай болды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Мұздың қалыңдығы 35 сантиметрді құраған. Трактордың алдында сол жермен ауыр жүк көлігі өткенде мұзда жарықшақ пайда болуы мүмкін», – дейді мекеменің бас инженері Ерік Пшенов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қызыл ту» мұз өткелінде көлік қозғалысына тыйым салынған.