Апат салдарынан 14 адамның бәрі зардап шеккен
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға орнында 6 адам көз жұмып, тағы 8-і жарақат алған, деп хабарлайды YK-news.kz.
Оқиға Семей қаласы мен Қарауыл аулының арасында орын алған.
Портал мәліметінше, Lada Priora және Toyota Corolla көліктерінің соқтығысып қалған. «Приора» көлігін әйел адам тізгіндеген. Көлік салонында 8 жолаушы, оның ішінде 4 бала болыпты. Ал «Тойота» көлігінде 5 адам отырған.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Тойота» көлігінің 47 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Приорамен» соқтығысқан.
Апат салдарынан 14 адамның бәрі зардап шеккен. Алған жарақатының салдарынан «Приорадағы» 3 адам, оның ішінде 2018 жылғы сәби және «Тойота» көлігіндегі 3 адам көз жұмған. Ал жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.