Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қызбен бірге оның 19 жастағы досына да айып тағылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы оқушы қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер соталды тергеп-тексеру деректерін жариялауға болмайтынын айтып, басқа мәліметтер бермеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10