"Ертіс орманы" резерватындағы өрт аумағы 850 гектарға жетті

 Павлодар облысының баспасөз қызметі ұсынған сурет
Павлодар облысының баспасөз қызметі ұсынған сурет
Өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағындағы орман өртіне қатысты жаңа ақпарат шықты. Оның аумағы 600-ден 850-ге жуық гектарға дейін ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 329 адамы мен 101 техникасы, су төгетін құбырлары бар екі МИ-8 ұшағы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бір "Еврокоптері" жұмылдырылған.

"Сағат 05:13-те Семейден Қорғаныс министрлігінің екі су төгетін МИ-17, МИ-171 ұшағы келді. Сағат 07:30-да төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аймақты бақылап шықты. Өрттің белсенді фазасы Бауыртау орманшылығының 98-ші орманында болып жатыр", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін "Ертіс орманы" орманшылығында шыққан өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бары айтылды. 

Новости партнеров