Өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бар
Павлодар облысында "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағындағы орман өртіне қатысты жаңа ақпарат шықты. Оның аумағы 600-ден 850-ге жуық гектарға дейін ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 329 адамы мен 101 техникасы, су төгетін құбырлары бар екі МИ-8 ұшағы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бір "Еврокоптері" жұмылдырылған.
"Сағат 05:13-те Семейден Қорғаныс министрлігінің екі су төгетін МИ-17, МИ-171 ұшағы келді. Сағат 07:30-да төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аймақты бақылап шықты. Өрттің белсенді фазасы Бауыртау орманшылығының 98-ші орманында болып жатыр", - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін "Ертіс орманы" орманшылығында шыққан өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бары айтылды.