Мақтааралдағы су тасқыны: Өргебас ауылында бір адам құтқарылды

03.05.2020 в 16:57

Ауыл тұрғыны тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басып жатқан Өргебас ауылында 1 адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникация қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«194 үй орналасқан Өргебас ауылының тұрғындары бүгін таңертеңнен бері эвакуациялануда. ТЖД мамандары ауыл аралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған 1996 жылғы Б. Б. есімді тұрғынды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Азаматтың өміріне еш қауіп жоқ. Дәрігерлер қазір оның денсаулығын тексеруде», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Мақтаарал ауданындағы тағы бір ауылды су басып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз