Петропавлда су құбыры жарылып, жекеменшік сектор сусыз қалды

28.01.2023 16:51

Соған байланысты қалада су қысымы төмендетілді

pkzsk.info

Петропавлда су құбыры жарылып, жекеменшік сектор сусыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.


Бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында 314 атқыштар дивизиясы көшесіне жақын маңында Д=800 мм су құбыры зақымдалған. Соған байланысты қалада су қысымы төмендетілді. Қазір мамандар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.


Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жұмысшылар ауылы, Береке ықшамауданы мен вокзал маңындағы үйлерге ауыз су беру уақытша тоқтатылды.