Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бекеттердің дайындығын тексерді

19.03.2020 16:52

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 19 наурыздан бастап Алматыда карантин жариялады

almaty.tv

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада орнатылған бекеттердің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге негізгі саналатын Қапшағай мен Талғар бағыттарындағы және Құлжа күре жолына барды. Ондағы тәртіп сақшылары, әскерилер мен эпидемилогтар, фито және ветеринариялық бақылау департаменті мамандарының жай-күйімен танысты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 19 наурыздан бастап Алматыда карантин жариялады. Сөзінше, пандемияға төтеп берудің жалғыз жолы – таралу тізбегін тоқтату. Қаланы жабу  сондай шараның бірі ғана деді әкім. Шаһар басшысы Алматыдағы бекеттердің жағдайы, онда тынбай еңбек ететін тәртіп сақшылары, әскерилер мен эпидемиологтардың жұмыс істеу тәртібімен танысты.

ӘКІМ: Барлық жағдай жасалған ба?

ӘСКЕР: Иә.

ӘКІМ: Ас-су?

ӘСКЕР: Барлығы бар.  

Мұнда қызмет көрсетуге қажеттінің барлығы бар. Мамандар қорғаныс құралдары, техникамен толық қамтылған. Кезекшілік ұйымдастырылып, бірнеше ауысым бойынша жұмыс істейді. Өз кезегінде, шекаралас тұрған Алматы облысы әкімдігі республикалық маңызы бар барлық трассалар мен елді-мекендерден шығатын жолдарға да блок-бекеттер қойған. Басты мақсат – халық арасында түсінбестік болмас үшін алдын ала ескерту.

КҮДЕБАЕВ: Алматыға кіреберістегі әрбір ауылда блокпост қойылған. Ол жерде полиция қызметкерлері тұр. Алматыға кіруге болмайтыны жайлы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

ӘКІМ:

Әр жерде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр ғой?

КҮДЕБАЕВ: Ең тиімді жолы осы.  

Алматы әкімдігі тыныштықты сақтап, белгіленген ортақ ережені сақтауға шақырды. Жұмыла біріксек қана індетке қарсы тұрамыз деді қала басшысы.

Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов, "Алматы" телеарнасы