Алматыда жүк көлігі мен автобус соғысты: жарақат алғандар бар

28.05.2019 16:52

Екі студент ауруханаға жеткізілді

Алматыда жолаушылар тасымалдайтын автобус пен жүк көлігі соғысты деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылында болған. №29 бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ол аталған көшемен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Лық толы автобус жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа тоқтап, жолдан өтіп бара жатқан қарияны өткізбек болған сәтте, арттан келе жатқан көліктің тежегішті басқанын естиді. Дереу айнадан қарағанда, үлкен жүк көлігін көріп, алға қарай жүрмекші болыпты. Десе де, қашып үлгере алмаған.

Соққы салдарынан автобуста болған жолаушылар зардап шеккен. Екі студентті жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен.

Қазіргі таңда полицейлер жол көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтап жатыр.